Серәлиев Нәсредин

Лебіз


«Н. Сералиев творчествосына қай та оралсаң, ол мейілінше қарапайымдылығымен ұтады. Бұлай дейтін себебіміз, қарапайымдылық – үлкен қасиет. Көпшілік осыны ұнатады.»



Т. Әлімқұлов



«Нәсірдің «Ыстық күлше» мен «Қаңтар» повестері бал дәурен- балғын шағын таршылық-тораппен, қайғы-қасіретпен өткізген балалар мен жасөспірімдер жайындағы, өн бойы нәзік лиризмге, адам көңіл-күйінің мұңына шүпілдеп толып тұрған туындылар.»



Ә. Жұмабаев



«Автордың бірінші жинағы «Ұшталмаған қарандаш» деп аталса да, оның қаламы өткір, айтарын дәл тауып айтады.»



М. Әлімбаев



«...Автордың өзіндік беті, қолтаңбасы бар. Ізденгіш те байқағыш және бейнетқор әдебиетші»



С. Бегалин



«Нәсір сюжетті шебер құрады, тілі бейнелі, бала мінезін жақсы біледі және олардың ішкі дүниесін нәзік суреттейді.»



А. Тоқмағамбетов