Тұрсынай Оразбаева

Туындылары


ЕЛІМЕ


Ысырдың мұнар күндердің жапқан түнегін,
О, шүкір, міне, болғандай Хақтан тілегің.
Сан ғасыр аңсап қол жеткен азаматтығыңмен,
Құттықтаймын, ардақты, ақ жарқын Елім!

Шаттықтың күйін түрлентіп қайта бастаған,
Өлкеңде жастық жаңғыртып айтады асқақ ән.
Тарих бетін жаңартып, жампоз жол ашқан,
Баянды болсын, қазағым, батыл бастамаң!

Менің де отты кеудемнен шуақты жыр түлеп,
Сен шығар шыңға қойсам деп қуатты бір тірек.
Қалмағай деп ғайыптан көгіңде мұң түнеп,
Елжіреп жүрек өзіңе жақсылық тұр тілеп.

Қасиетіңді әлі-ақ паш етіп, атап Отаным,
Келер күнге жалғасып жатады әнің.
Аңқылдаған жаныңдай, ақ пейіліңдей,
Мұнан да жарық сәулелі атады таңың!

Болмысың тауып уақыттан жарасым небір,
Жақсылыққа ашып қойнауын бар асыл кенің.
Құдіретті жыр мен киелі домбыраңды ұстап,
Ғажайып болашақтарға барасың, Елім!