Тұрсынай Оразбаева

Лебіз


       «Тұрсынайдың құзар шыңнан сылдырап аққан бұлақтың суындай мөлдіреген поэзиясы о бастан-ақ жыр сүйер қауымды бірден елең еткізді. Оның қыздарға ғана тән нәзік те назды жырлары кейде мұңды, кейде ерке қылығымен жаныңды баурайды, жүрегіңді елжіретеді, өзін жақсы көргізеді».

Фариза Оңғарсынова
Қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист



       «Тұрсынай үш мемлекеттің елшісі еді. Оған Қазақстан, Саха елі мен Ресей жері ортақ болатын. Өзінің жайдары мінезімен ел-жұрттың тілін тауып, өзін мойындатқан жан сол елдерде де өзінің азаматтығын, адамгершілігін көрсете білген еді».

Абылайхан Оспанов
Қазақ өнерін насихаттаушы, ҚР Мәдениет қайраткері




       «Тұрсынай Оразбайқызы өзіндік үні, назы, сыры бар дарынды жан еді...»

Алтын Иманбаева
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері