Тұрсынай Оразбаева

Шығармашылығы


      Оның әр жылдары «Таң шапағы», «Іңкәр жүрек әуені», «Гүл сезім», «Мен сенің көктеміңмін», «Ғашық әнімсің» атты жыр жинақтары шықты. Сонымен қатар өлең жинағы «Огни моей мечты» деген атпен якут, тува, қарақалпақ тілдерінде жарық көрді.
      Әрі ақын әрі сазгер әрі әнші Тұрсынай Оразбаева Саха елінің өкіл қызы атанған еді. Тұрсынай Қазақ ұлттық әл-Фараби атындағы университеттің журналистика факультетін, Мәскеудегі Жоғарғы әдебиет курсын оқып бітірген еді. Ол кісі жүрген ортасында назды да сазды үнімен ән салғанмен киелі өнерді кәсіп етпеген-ді. Табиғатынан бойына дарыған ақындық шабыт қолына еріксіз қалам ұстатқан. Поэзияның қыр-сырын жете меңгеруіне, осы жолды қалап алуына жол ашқан. Өнер мен поэзияның егіз екенін көп жерде ақын-жазушыларымыз баса айтады. Шындығында да ән-күй мен өлең бір-бірімен біте қайнасқан нәзік дүние. Тұрсынай өзінің саналы ғұмырында қоғамдық жұмысқа белсене араласа жүріп, қалам құрғатпаған лирик ақын болатын. Оның әр жылдары «Таң шапағы», «Іңкәр жүрек әуені», «Гүл сезім», «Мен сенің көктеміңмін», «Ғашық әнімсің» атты жыр жинақтары шықты. Сонымен қатар өлең жинағы «Огни моей мечты» деген атпен якут, тува, қарақалпақ тілдерінде жарық көрді. Өмірінің соңғы жиырма жылында Тұрсынай сазгерлікпен де айналысқан еді. Оның алғашқы әні Алматыға арналып, ән тұсауы кесіліп, жақсы баға алғаннан кейін «Нұрлы әнім», «Оралдың сен», «Лена», «Өзің болдың», «Қырғыз әні» , «Жайнап қарағаның-ай», «Түркістан», «Күнім, айым, жұлдызым», «Сайран сазы», «Нұраға» әндері дүниеге келеді. Неше күнгі жүрек тебіренісінен туған сыршыл ән көпшілік көңілінен шықса, сазгердің бағының жанғаны емес пе? Тұрсынай алғаш әнге мәтін жазып, тыңдаушысын тапқан ақын болатын. Оның Ескендір Хасанғалиевтің «Гүл сезім», әніне жазған өлеңі тез тарап кезінде көпшіліктің әділ бағасын алған. Ал Әшірхан Телғозиевтің «Әсиягүл», «Неге сені ұнаттым», «Сарыағаш» әндерінің де мағынасын ашқан Тұрсынайдың өлеңдері екені даусыз.

Алтын Иманбаева
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері



 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу