Тұрсынай Оразбаева

Асыл сөз


«Шын мәнінде ақындық әйелден бастау алған. Сезім, махаббат, өнер сияқты адами қасиеттер о баста әйелден пайда болды. Нақты дәлел ретінде «Бесік жырын» алайық. Күллі өнер атаулы әйелге бірінші дарығандығы ғылымда дәлелденген. Әйел-аналардан «Бесік жыры» арқылы ұрпақтарға жалғасты. Қазақ әдебиеті тарихынан Ұлбике мен Сараларды алайықшы, өз тұсындағы азулы ақындардың ешбіріне дес бермеген. Бұл менің ақын апаларым мен қатар құрбыларым жөнінде айтпағым».

Ақын Т. Оразбаева



«Ал әнге келетін болсақ, "Туғанда дүние есігін ашады өлең, қара жерге кірер денең",- деп Абай атамыз айтқандай, шыр етіп дүниеге келген нәресте ана әлдиімен жұбанады, бүкіл өмірі ән сазына толы болады. Өмір бойы әнменен өмір сүресің. Ән деген құдірет қой. Саз жүректен шығып, ой санаң арқылы толқып, толғанып дүниеге келетін алланың берген шапағаты, нұры ғой».

Ақын Т. Оразбаева



Ел – жұртымның бақыты аталатын,
Сөнбесін мәңгі сенің, Отан, атың.
Ең қымбатты,
Ең Ұлы,
Ең аяулым
Өзіңсің, жан Отаным – махаббатым!

«Отаным – Махаббатым» өлеңінен



Бағдарсыз, тірлік жолын өлшемедім,
Не көрсем де елімде көрсем еді.
Кісі елінде сұлтансып сұқтанғанша,
«Өз елімде ұлтан боп» өлсем еді.

«Өкініш» өлеңінен