Құрал Көмек

Туындылары


ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕГЕН НЕ?


Атам маған әрдайым,
Оқы дейді құдай деп.
Тәуелсіздік туралы,
Айтып берді былай деп:

-«Тәуелсіздік деген сөз,
Бар асылың қарағым.
Азаттықтың жолы ол,
Тағзым етіп қарағын.

Тәуелсіздік тарихың,
Тәуелсіздік тілің ол.
Тәуелсіздік салт дәстүр,
Тәуелсіздік дінің ол.

Тәуелсіздік біліп ал,
Басқа қонған бар бағың.
Есейгенде ер жетіп,
Сен де оны қорғағын...!»

Тәуелсіздік мен білдім,
Көкке ұшқан көк қыран.
Тәуелсіздік әр таңда,
Шырқалатын әнұран.