Құрал Көмек

Асыл сөз


«Жаралғандай жалын жырлар жақұттан,
Шерім менің шөлін басқан шабыттан.
Жалғыз шумақ өлеңменен өмірдің,
Төсіндегі түймелерін ағытқам.



Ғасыр, жылдар айналғанда көшкінге,
Сараң дүние болар дейсің дос кімге?
Сұрағаным өздеріңнен кешірем,
Арызданып көргенім жоқ ешкімге?



Қызыл қаным-қасқалдақ,
Адам болу – асқан бақ!
Түсінгенім, бұл өмір –
О дүниеге баспалдақ.



Желтоқсанның жаны бар, жара басқан,
Желтоқсанның мәні бар — қара дастан.



Алдымызда асқар-асқар ғалам жол,
Болашаққа баба рухы санам бол.
Желтоқсанда желбіреген бұл майдан
Қазақ үшін қасиетті алаң ол.



Тәуелсіздік тарихың,
Тәуелсіздік тілің ол.
Тәуелсіздік салт дәстүр,
Тәуелсіздік дінің ол.