Құрал Көмек

Лебіз


«Құралдың жырлары өзіндік өрнектермен, Құрал ақынға тән бөлек стилімен ерекшеленеді. Құралдың жырлары сезімге малынған, тылсым әлемінің сырларына шомылған шуақты поэзия».

Сабыр Адай
ҚР еңбек сіңірген қайраткері,
Президент сыйлығының иегері



«Құрал Көмек –ақиқат шындықты бейнелі поэзия тілімен жырлауда өлең көкжиегінен көрініп жүрген ақын. Ақынның өлеңдері жүрек түкпірінен шыққан адамзат үнімен үндесіп жатады».
**********
«Ақиқат шындықты бейнелі поэзия тілімен жырлауда өлең әлемінен көрінген Құрал Көмектің жыры ортаймасын».

Ақын Атанбек Наурыз




...Құрал Көмектің назы, маужырауы, махаббат маусымына ұмсынуы өз ерекшелігімен танылады.

Әуесбай Әбдіразақов



«Мағжан Жұмабаевтан кейін түрік бауырларын есіне алып жыр жазған Құрал Көмекке алғысымыз шексіз. Мен түрік елі зиялыларының алғысын жеткізейін деп арнайы келдім. Ақын Құрал Көмектің  «Мен даланың ұлымын» поэмасын Түркияда таралуына кепілдік беремін.  Дүние түріктері көп те емес. Осы себепті біз, бауырлар бірігуіміз керек. Бүгін түркі тектес жалықтардың ынтымағы мен бірлігі ғана біздің болашағымызды баянды ете алады. Сіздерге, қазақстандық жазушыларға мың алғыс».

Құқықтанушы-профессор,
доктор Ілияс Доган





 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу