Құрал Көмек

Туындылары


АДАМДАРҒА


Адамдармен тілдесем,
Адамдармен жүздесем.
Адамдармен алысып,
Адамдармен бірге өсем.

Адамдармен дос болып,
Адамдармен қас болам.
Адамдармен шаттанып,
Адамдармен маз болам.

Адамдарға таңданам,
Адамдарға жалданам.
Адамдарға сенемін,
Адамдарға алданам.

Адамдарға ақталам,
Адамдарға таптанам.
Адамдарға қол созып,
Адамдардан сақтанам.

Адамдарға қарызбын,
Адамдарға арызбын.
Адамдармен көп болам,
Адамдармен жалғызбын.