Құрал Көмек

Туындылары


АУЫЛДА


Көктем келіп ауылға,
Жапырақ қанат жайды.
Бұлақ ойнап бізбенен,
Лағым көкке тойды.

Ақша бұлттар қол бұлғап,
Жылы жанбыр жауды.
Тонын шешіп бусанған,
Көріп келдім тауды.

Құстар келді паналап,
Шие өскен бауды.
Жылқы шығып жайлауға,
Апам бие сауды.

Қызыл ала қанатын,
Көбелектер жайды.
Інім сұрап жылайды,
Аспандағы айды.