Құрал Көмек

Туындылары


ТАЗАЛЫҚТЫ СҮЙЕМІН


Керек емес қағазды,
Жыртып жерге тастама.
Пісте шағып ауланы,
Біле-білсең ластама.

Арықтарды қоқыстан,
Тазалаймын көктемде.
Түтіндері болмаса,
Автобустар өткенде.

Қоқыстарды адамдар,
Шашып бәрін төкпесе.
Алдымызда ағайлар,
Темекісін шекпесе.

Тазалықты қашанда,
Өзім жақсы көремін.
Үй жинаған анама,
Күнде жәрдем беремін.