Құрал Көмек

Туындылары


АҚ КҮШІК


Ақ күшігім бар менің,
Соңымнан еш қалмайды.
Көрінгенге әупілдеп,
Жағы оның талмайды.

Отыр десем бұйырып,
Басын шайқап ойнайды.
Тәтті көрсе қолымнан,
Көзі оның жайнайды.

Өзі сондай сүйкімді,
Білем оның пысығын.
Ауламыздан куады,
Көршіміздің мысығын.

Көлге барып менімен,
Шомылады жазымен.
Ойнап жатыр әнеки,
Үйде қалған қозымен.