Құрал Көмек

Туындылары


БАҒДАРШАМ


Қала жаққа сен барсаң,
Күтіп алар бағдаршам.
Қызыл, сары, жасыл боп,
Жанады ол аңғарсаң.

Сары жанса – дайын бол,
Қызыл жанса – тоқтайсың.
Жасыл түсі – саған жол,
Өте бергін, қорықпайсың.

Кезекпенен жол беріп,
Тұр көшеде бағдаршам.
Өміріңе жол қауіп,
Шатастырып алмасаң!