Құрал Көмек

Туындылары


АЙНАЛАЙЫН ҮНІҢНЕН


Келешегім – бал-бөбек,
Асулар тұр алда көп.
Жаңа ғасыр еншінде,
Қанат қағып, самға тек!

Бата берген атаңды,
Ақ сүт берген анаңды,
Куанта бер күн сайын,
Қасиетті Отанды.

Жарқыраған күнім бе ең,
Сусындаған біліммен.
Таза ұста тіліңді,
Айналайын үніңнен.