Құрал Көмек

Туындылары


ЕСІҢДЕ МЕ


Есіңде ме, есіңде ме өткен күн?
Ләззат сыйлап маужыратқан көктем күн!?
Аспан нұрын ғалам жақтан жаудырып,
Төбемізден ай мен жұлдыз кетпейтін.

Көктем сәні екеумізбен көктейтін,
Сырымызға қануға кол жетпейтін.
Құлактары төбелердің қалқиып,
Сыбырларды тыңдар еді бітпейтін.

Бізден алып жанып тұрған жыр отын,
Жылынатын төңіректе құба түн.
Қасымызда қалғып біздің сезімге,
Аққайындар қол ұстасып тұратын.

Бала бұлақ сықылықтап тынбайтын,
Біз туралы тау мен тасқа жырлайтын.
Самал желдің ерке үні қосылып,
Сөзімізді бөліп кейде ұрлайтын.

Төңіректе алуан гүлдер гүлдейтін,
Суға емес мына бізге шөлдейтін.
Ауылдағы барша шамдар сөнгенде,
Сенің үйің шамы ғана сөнбейтін.