Құрал Көмек

Туындылары


АЛДЫМНАН КҮЛІП ШЫҚСАҢ СЕН


Тұныққа батып
Аспанға қалқып шыққан мең,
Жырақта жүріп
Жылылық күшін ұқсам мен.
Жолыма менің
Жұлдыздар шамын жаққанда,
Ақ көйлек киіп
Алдымнан күліп шықсаң сен.

Сағынып жүрген
Аптаны, айды ұмытсам,
Отыңа сенің
Оранып бәрін жылытсам.
Жалғыздық деген
Жабырқап жатқан көлімді,
Оралған білек
Өзіңмен бірге тұнытсам.

Жаным деп сүйіп
Жаныңа еніп кетсем мен,
Аймалап сені
Балқытсам тәнді от деммен.
Аңсауым менің
Арылмай тұрса құмардан,
Жанардың нұры
Жалғасып кетіп көктеммен.

Жұлдызды елдің
Мандайын сүйіп көшкен мен,
Барады ойнап
Жолында құстың көшкінмен.
Таңдарды жұмақ
Қарсы алсақ қарап жүзіне,
Өкінбес едім
Қоштасар сәтте бес күнмен.

Тұныққа батып
Аспанға қалқып шыққан мең,
Жырақта жүріп
Жылылық күшін ұқсам мен.
Жолыма менің
Жұлдыздар шамын жаққанда,
Ақ көйлек киіп
Алдымнан күліп шықсаң сен.

2010 жыл