Құрал Көмек

Туындылары


ЖЫЛДАР, ЖЫЛДАР


Жылдар, жылдар жалындап жылыстаған,
Күндерім аз өзіңмен алыспаған.
Көрінбейді бұл күні көшемізде
Мен білетін аға-апа, таныс маған.

О, жастық шақ, аспаннан ай ұстаған,
Қыр белінде өмірдің ойыстаған.
Көрінбейді ақ қайың мен білетін,
Орнында тұр басқа тал майыспаған.

Жылдар, жылдар калады жарыспаған,
Арман тұр алдымызда алыс маған.
Күрең мініп түседі күрең белден,
Жаңа жыл, жаңа күн қауышпаған.

Батпайды қызыл күнім мұңаймастан,
Мен — бұлақпын, көзіме құлайды аспан.
Өзеніме құярмын бір күндері,
Арнасынан ғұмырдың құмай басқан.

Дем берген толғандырып асыл далам,
Жел тұрса кемерімнен тасып алам.
Жұлдызды кеудем менің ашық ғалам,
Осылай мен өмірғе ғашық болам.