Әмзе Қалмырзаұлы (Хамза Көктәнді)

Асыл сөз


Қаламгер –дүние құбылысының сырттай бақылаушысы. Ол ойшыл адам болса  ішкі жан дүниесімен сырласады, мұңдасады. Жазбалары  - көз жасы сияқты жүректің жасы, сананың сығындысы, сыртқа шығып жұртқа жайылады. Бір жазбалар уақыт диірменіне түсіп уатылса, екіншісіне уақыт диірменінің әлі жетпейді, адамдардың рухани кәдесіне асады.



«Аспан мен Даланың төрт ұмытылған тарихы»  - менің жанымның жарасы, көзімнің нұры.



Шындығында Жаратушы нағыз дос қой.



Санаң есейген сайын, жастықта жақсы көрген көп нәрсенің мәні кетіп, есесіне ол шақта ескермеген кейбір нәрселердің құны арта береді екен.



Елдің ұйытқысы – бірлік. Бірлік ақыл-парасаттан туады.  
Көзің жетпейтін істе үнсіз қалудың өзі өнер.



Тарихшы әрбір дерек үшін ақиқаттың алдында жауап береді. Жазушы ақиқаттың алдында әрбір сөзі үшін жауапты.