Әмзе Қалмырзаұлы (Хамза Көктәнді)

Өмірдерек


Ақын,тарихшы Әмзе Қалмырзаұлы 1953 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында туған. Шымкент педагогика институтының филология факультетін бітірген.
1983–1986 жылдары Сарыағаш аудандық «Қызыл ту» облыстық, 1986–1988 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газеттері редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс атқарды.
1988–1989 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы Оңтүстік Қазақстан облысаралық бөлімшесінде әдеби кеңесші болды.
1989–1990 жылдары жас ақын-жазушылардың республикалық «Игілік» қауымдастығының президенті, ал 1989 жылы тәуелсіз «Ақтолғай» газетінің, 1991 жылы қазақ, өзбек, тәжік, қырғыз, түрікмен тілдеріндегі «Наурыз» газетінің редакторы, «Қасиет» баспасының төрағасы (1991) қызметтерін атқарды.
1983 жылы республикалық «Жігер» фестивалінде лауреат атағын («Көкпар» өлеңі үшін), «Гүлдесте» поэмасы 1985 жылы Қазақстан Жазушылар одағының жабық бәйгесін, 1987 жылы Қазақстан Ленин комсомолы және Республикалық кітап саудасы істері жөніндегі комитеті мен «Жалын» баспасы бірігіп жариялаған жабық бәйгесін жеңіп алған.
1998 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық жас ақын-жазушылар кеңесіне Қазақстаннан делегат болып қатысқан. 1983 жылы өткен Республиалық шығармашылық жастардың «Жігер» фестивалі дипломанты, 2002 жылдан Әлемдік Манғолтанушылар ассоциациясының мүшесі Хамза Көктәнді – Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Қазақстанда тұңғыш жекеменшік кітаптар дүкенін ашты. Қазір сол ассоциация негізінде құрылған (1990) ЖШС ”Қасиет” баспасында бас редактор және директор қызметінде.