Әмзе Қалмырзаұлы (Хамза Көктәнді)

Шығармашылығы


                                                             ЖАЗУШЫНЫҢ ЖАҢА ТУЫНДЫСЫ


       Роман негізі заманымыздың өзекті проблемасы -- әлемдегі жер сілкінісін тоқтатудың жолдары жайлы өте маңызды идея қозғайды. Шынтуайтқа келгенде, бұл -- әлі шешімін таппаған өте күрделі мәселе. Дей тұрғанмен , автор романда ерекше бөлек бір түйсіктің әсерінен бұл ойын нақты  дәлелдеуге тырысқан. Жазушы романда ең бірінші жер сілкінің қай жылы, қай күні болатынын , тіптен сағат , минөтіне дейін дәл анықтап алып , оны төрт түрлі (өзінің қолжазбасында солай көрсеткен) ғалыми дәлелденген жолдармен тоқтатуды ұсынып, дәлелдеп шығады.
       Бұл, әрине, өте керемет әрі қызық идея. Біз автордың бұл ойын барынша шын ниетімізбен қолдап отырмыз. Егер бұл идея шет елде жазылса , тез арада жол тауып кеткен болар еді. Бүгінде, XXI ғасырда техникалық ілгерілеу тіптен ғылымның дамуын басып озып барады емес пе?
        Жалпы алғанда, романды талқылау барысында біз жазушының от басы, ошақ қасы төңірегіндегі жәйттер емес, осындай бүкіладамзаттық мәселе болып отырған табиғи апат --жер cілкінісін тоқтату туралы ойы қатты қуантты. Сондықтан да бұл роман қолдауға лайық. Өйткені, ол адамзат баласына жер сілкінісін тоқтату туралы тың идея айта отырып оқырманның өмірге деген үміт ұшқынын оятып, рухани нәр береді.
       Әлемде бұдан артық маңызды міндет болмақ та емес. Романда жазушы шығармасын тартымды әрі өте тартысты етіп беру үшін тек жер сілкінісін тоқтату, оның жолдары жайлы идея төңірегінде шектеліп қалмайды. Бұл кітап басылып шықан күнде қолдан-қолға тимейтін,  қым-қиғаш оқиғалы тақырыбы бүгінгі алмағайып заманда ауадай қажет туынды болғалы тұр.
        Роман желісі негізінен ауылда өтеді. Ондағы кейіпкерлер тартысы кімді болса да бей-жай қалдырмайды. Ең жақын деген досы ақша үшін сатып отырған кезеңде адамзат қамын ойлаған жас ғалым небір қиындыққа қарамастан ғажайып ғылыми жаңалық ашады. Орынбасар, Айсурет секілді жаны таза жастардың басынан не өтпейді десеңізші, алайда олар жан тазалығын, рух биіктігін сақтап қалады. Тағдыр тәлкегіне ұшыраса да мойымаған Орынбасар ақыр жер сілкінісін тоқтату жөніндегі ғылыми еңбегін аяқтайды, бірақ күншілдер оны иемденіп кету үшін күш салады. Жас ғалым Орынбасардың осы ғылыми жаңалығы өз басына тажал болып бірнеше рет өлім аузынан аман қалады. Имандай сенген досы Ескермес оның көзінше өтірік көлгірси күліп, сыртынан сатып, мұның сүйген қызы Айсуретті де алдап алып қашып, өзене әйел етеді. Санқилы тағдылар тартысына құрылған роман желісі өте қызық, әре тартымды. Автор романда ғылыми идеяны бір жақты алып кетпей, оны ар-ұят, имандылық, адамгершілік секілді ізгі қасиеттермен ұштастырған. Біз романды талдағанмен, бастан-аяқ баяндап шығудан аулақпыз. Жалпы айтқанда , бұл туынды ғылым және жалпы оқырман үшін үлкен жетістік деп қабылдап отырмыз.
        Жаңа ХХI ғасырда адамзат ұрпағы ақыл-ой қүатын ең қымбат ортақ мүддеге бағыштап, соны жүзеге асыруға жұмсалатын материялық игіліктерді осы мақсатқа жұмсап отырса көп мәселе шешілер еді. Адамзат баласына сыртан төніп тұрған табиғи апаттар жетерлік. Емі табылмай жүрген небір  аурулар ше? Біз бәрін біле, көре тұра әлі де соғыс үшін жаңа қарулар ойлап табуға құштарлықты бәсеңдетпей отырмыз. Бұл дұрыс емес. Әлемде бұдан артық маңызды міндет болмақ. Бұл роман осындай ойларды мегзейді. Адам баласын бейбітшілік сақтауға, ортақ мәселелердің бірі -- жер сілкінісін тоқтату туралы ой қозғауға жетелейді. Романдағы ғылыми ой дәйекті, нанымды, оқиғалары өте қызық, тілі тартымды, жеңіл оқылады.                                                

Әбілда АЙМАҚ
Қазақстан Жазушылар Одағы облыстық филиалының директоры,
Физули атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты.