Әселхан Қалыбекова

Туындылары


КЕЙIНГI КӨКТҮРIКТIҢ КӨСЕМI ДЕП, ҚАРАЙДЫ КӨК ТЕ СIЗГЕ МЕЙIРЛЕНIП...

Елбасының Оңтүстiк өлкесiне келген сапарына орай

Құт болып құйылды елге ер еңбегiң,
Ғажайып биiктедiң, тереңдедiң.
Қош келдiң, Оңтүстiктiң өлкесiне,
Киелi ел иесi - Кемеңгерiм.

О, баста қонақ десе бейiмдi едiк,
Қазағың күтiп жатыр пейiлденiп.
Кейiнгi Көктүрiктiң көсемi деп,
Қарайды Көк те Сiзге мейiрленiп.

Ұйыттың өнегеңе Алашыңды,
Ұмытып қиындықты ел, бағы ашылды.
Алланың қалауымен басталған iс,
Даламды қала қылды жарасымды.

Саятты қыздырмаса құсым деме,
Елбасын ел сүйедi iсiн көре.
Осыдан он жыл бұрын бiздiң қазақ,
Көрмеген мұндай заман түсiнде де.

Жанына қайратты ердiң қонбас бөтен,
Ақиқат адал жанға жолбасшы екен.
2030-ыңа жеткендердiң,
Арманы болар ма екен, болмас па екен?

Бiлемiн кенде емессiз мақтауға да,
Көрiнер жүйрiкке ерсi шаппау дара.
Астана Сарыарқаға шашбау қала,
Кемелдi келешекке бастау қала.

Ұнатып еткен әдiл билiгiңдi,
Алдында дос-дұшпаның илiгулi.
Иманды, iзгi жолмен ел түзетiп,
Қысқартсын жат iндеттер килiгудi.


Мәртебең көтерiлдi ұлы iстермен,
Жұрт болдық керегесiн ырыс керген.
Жүз ұлттың баласына жол көрсетiп,
Жұмылдың жұдырықтай
                                                жұмыскермен.

Есте тұр басымыздан кешкен елес,
Ақ жолы бабалардың өшкен емес.
Өзiңдей Жолбарысы бар қазаққа,
Азия барысы да ештеңе емес.

Ақынға құрал бар ма тiлден артық,
Аспанда шырақ бар ма Күннен артық.
Бүкiл ел тiлеуiңдi тiлеп отыр,
Сiз барда Президент жоқ
                                                Сiзден артық.

Ақынның жiбек баулы жыр Сұңқары,
Баянды бақытыңа құлшынтады.
Тұрғандай әлем сыйып құшағыңа,
Халқымның Құдай берген Нұрсұлтаны!

Отырар ауданы, Оңтүстiк Қазақстан облысы