Әселхан Қалыбекова

Туындылары


ЕРГӨБЕК АҚЫННЫҢ 145 ЖЫЛДЫҒЫНА

Жоқ болса бере алмайтын қолдан бөліп,
Бар болса бола алмайтын қорған көрік.
Күңкілшіл туыстарға өкпеледің,
Алдыңда тағдыр тұрды тордан берік.

Күн кештің қайран ақын елден жырақ,
Мұңлық ең тапқан бөтен жерден тұрақ.
Ит болып ырылдаспай ағайынмен,
Аулаққа жанып барып сөнген шырақ.

Болсаң да шындыққа адал ар алдында,
Кім оны ажыратар қараңғыда.
Өңмеңі озбырлардың еттен өтіп,
Оқ болып жүрегіңе қадалды ма?

Бұл жағы біздер үшін әлі жұмбақ.
Сезеді тек емесін жүрек сыздап.
Ақиқат біз білетін көз жұмғанша,
Ергөбек туған жерін өтті жырлап,

Басқан соң жырдың отты көрігіне,
Айналды сағынышы серігіне,
Кезінде көре алмаған сол ағайын,
Зар болды өзі түгіл өлігіне.

Жыр туған өлмейтұғын жолда нағыз,
Ақынның қасіреті болған аңыз.
Домбыра қалам алған ұрпақтарың,
Сыйынып аруағыңа толғанамыз.

Жете алмай кіндік кескен іңкәріңа,
Тарығып Қарақты аңсап шырқадың ба?
Сүйегің жатқан сонау Ташкенттен,
Мұңды зар естіліп тұр ұрпағыңа.

Деуші еді ақындықтың киесі бар,
Өлеңде асыл ойдың жүйесі бар.
О,баба өнеріңді қастерлейтін,
Мұрагер Әселхандай иесі бар.

Бұл өмір қоян жымы шиырлаған,
Жол табу жалғыз жарым қиындаған.
Жырыммен орыныңнан бір аунашы,
Жыр жетті топыраққа бұйырмаған.

Нәр алған сіздер жазған өлең - жырдан.
Мен дағы бір балаң ем өнер қуған.
145 жасқа толған тойыңызға,
Оқыған осы өлеңім болсын дұғам!

Бегаман Сұлтаев