Әселхан Қалыбекова

Туындылары


БАЯНСЫЗ ДОС

Арыс десе Арыспын.
Талыс десе талыспын.
Барыс десе барыспын.
Бес қаруды қолға алып,
Өз нәпсіммен алыстым.
Өлтірмек боп шынымен
Басын тасқа жаныштым.

Жауым бірақ өлмеді,
Сенікі ақын жөн деді.
Жеңілген боп жыртиып,
Және маған ер деді.

Өзін ол да зор тұтты,
Өлесің деп қорқытты.
Сыбағаңнан қалма деп,
Төрт жағымды толқытты.
Оң ісімді теріс деп,
Терісімді оң тұтты.

Аяр екен алдады,
Арымды әбден жалмады.
Мақтап байлап көзімді,
Миымды жеп сарнады,

Менімен бір жол шекті,
Одан пайда өнсе етті.
Намаз оқып тұрғанда,
Нәмарттығын көрсетті.