Кендебай Ахат

Туындылары


АУЫЛЫМ – САҒЫНЫШЫМ

Кіндік кесіп, бесік сайлаған,
Бәсіреме қозы байлаған.
Ауылымды аңсап келемін,
Жүрегіме терең бойлаған.

Қайырмасы:

Е – ей, жасыл белдерім,
О – ой, өзен көлдерім,
Туған жерге деген сағыныш,
Көкірекке салды өрнегін.

Асық атып, шілдік ойнаған,
Шалғынында талай аунаған,
Өскен жерді аңсап келемін,
Тай мінгізіп көңіл жайлаған.

Қайырмасы:

Ұланының қамын ойлаған,
Қиялыма қанат жайлаған,
Туған жерді аңсап келемін,
Келбетіне көзім тойма.