Кендебай Ахат

Өмірдерек


Ахат Кендебай 1949 жылы 11 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Жаңа Күш ауылында туған. Осы ауылда бастауыш мектепте білім алып, Бірінші Май елді мекеніндегі мектеп интернатта оқуын жалғастырған.
1974 жылы Алматы Мемлекеттік медицина институтының «Фармация» бөлімін тамамдаған.
1967 жылы орта мектепті аяқтаған соң Шымкент фосфор тұздары зауытында, Оңтүстік Қазақстан облысы, Киров ауданы, Большевик совхозында дәріхананың меңгерушісі, 1983 жылы Жетісай ауданындағы «Фармация» өндірістік кәсіпорынының директоры, 1997 жылдан Шымкент қаласындағы Дендрарий бағының басқарушысы қызметтерін атқарған.
Ақынның 2002 жылы «Замана желісі» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрген. «Ой тұтқыны», «Көгершін көңіл» атты жинақтардың авторы.
Кендебай Ахат 2023 жылы 26 маусымда дүниеден өтті.