Кендебай Ахат

Туындылары


САРҚЫТ

Белі талса жетектегі қара нар,
Аунап кейде шағыл құмға таранар.
Түскен түгі саған қиқым болғанмен,
Кейбіреудің тағдырына пара-пар.

Нар түйеден сарқыт қалса жарасар,
Кім есектің кәшегіне таласар.
Өз жемтігін шашып жейтін қырандай,
Дархан түлік жан-жағына қарасар.

Сәуегейлер сусылдатып бал ашар,
Қара нарды жіліктеумен тарасар.
Олар сені мыстан етіп кетпесе?
Көкіректі кере бармей аласар.