Шілтерханов Әдіһам

Асыл сөз


Қоспақты нарға санама,

Жаманды барға санама,

Өзіңді зорға санама,

Өзгені қорға санама



Беттің қызылын кетпестей көрме,

Жігіттікті өтпестей көрме,

Кәрілікті жетпестей көрме.



Жас тәуекелшіл,

Қарт тәубешіл.



Тұлпар туған биенің,

Шабысына мін тақпа

Жарлысың деп жақсының

Табысына мін тақпа



Жақсының өнегесін айтасың,

Жаманның неменесін айтасың?



Аяғыңнан сүрінсең,

Тұрып кетерсің

Тіліңнен сүрінсең,

Құрып кетерсің



Жесір – уайымшыл,

Жетім – пайымшыл.



Бұл өмірге қожа екеніңді білсең



Шілтерханов Ә. Үш бәйтерек.- Алматы: Жалын.- 1998.



Шілтерханов Ә. Ақжалдың ақыры.- Алматы: Жалын.- 1993.



Қанағаты жоқтан

Жомарттық күтпе.

Ұяты жоқтан

Инабаттылық күтпе.



Қазанаттың жолында

Жазық та бар, ор да бар.

Азаматтың жолында

Бақыт та бар, сор да бар.



Білімдінің ісі ірі,

Білімсіздің сөзі ірі.



Табанының бүрі жоқ,

Тап бергенін қайтейін.

Қасиеттің бірі жоқ,

Бақ келгенін қайтейін



Зейіні бардың,

Бәріне де бейімі бар.



Жүйрік қашса – жанатпас,

Ұйқы қашса – таң атпас.



Он ақылдыдан, бір мейірімді адам артық



Жер – Жомарт,

Бермейтіні жоқ.

Көп – қырағы,

Көрмейтіні жоқ.



Мезгілі жетпей қыс түспес,

Адамын таппай іс бітпес.



Шындық деген адамды,

Жаралар да тазалар.

Өтірікке әйтеуір

Ертелі – кеш жаза бар.



1  2