Лебіз
Жазушы Әдіһам Шілтерхановтың тарихи тақырыптарға жазған дүниелері – қазақ үшін таптырмайтын қазына.
Әбілда Аймақ
Ә. Шілтерханов шығармаларындағы көркемдік талғамның түпкіліктіліг кейіпкерлер бойындағы қарапайым құнар мен мәймөңкесіз майсаң маңыздың қордалылығында. Олардың өзара тілдесуінен үнемі қазақы қызу аңғарылады.
Әдіһам Шілтерханов оқиғаның шынайы, тұрмыстық дамуын аса нәзік сезініп, пайымды параллельдер түзеді.
Нармахан Бегалыұлы,
Ақын, «Құрмет» орденінің иегері.
Татып көр, барың жетеңде,
Таңдайдан дәмі кетер ме.
Әдкең әзиз айтқан сөз,
Айналды мақал-мәтелге.
Әселхан Қалыбекова,
Қазақстанның халық ақыны
Шілтерханов шығармаларының бәрінде дерлік қарапайымдылық, кешірімшілдік, адамды жақсы көру, адамдардың бір-бірімен тек жақсы қатынаста болуы, бір-біріне ізгі істер жасауы,, жақсы ниет, тілек тілеуі хақындағы адамгершілік қасиеттерге баулуға шақыратын штрихтер мен детальдар жеткілікті.
Ерсін Қойбағарұлы,
Жазушы, дәрігер-психотерапевт
Әселхан Қалыбекова.
Қазақстаннын халық ақыны.
Қоғамның бағып қабағын
Әдіһам Шілтерхановқа
Көкірек соғып жүгірмей,
Тұғырда түлеп білінбей.
Тыңайып жолға шыққансыз,
Тағалы аттай сүрінбей.
Мәтінді толық оқу
Шығарманың құндылығы – шынайылығында. Өр мінезді өмірлер өзегіңді өртеп барып өнеге үлгісіне айналады. Жақсы шығармаларыңызбен жұбатыңыз, абыз ата – жазушы Әдіһам Шілтерханов.
Зылиха Жантасова
Жазушы Әдіһам Шілтерхановтың 1145 мақал-мәтелі, қанатты сөздері – қазақ ұлтының әдеби қазынасына қосылған мәйекті дүние. Бұрын құлағымызға тимеген тосын афоризмдер жеткілікті. Әдекеңнің өлеңдері де көркемдігімен өзіне тәнті етеді. Ол кісінің өлеңдеріне арқау болған тақырыптар – ой мен сезім ұштасқан шынайы өрнектер. Әдіһам Шілтерхановтың еңбектері нағыз шежіре-дастан.
Зейнеп Қойлыбайқызы Рысбекова,
жорналшы.
Әдіһам Шілтерхановтың зердесінен шығып, халқы сүйіп оқитын кітапқа айналып, көпшілік жаттап алып, кәдесіне жаратып жүрген аталы сөздері ел аралап кеткелі де біраз уақыт. әдебиет сүйер, сөз қадірін білер қауым оған жақсы пікірін беріп үлгерді.
Нұрахмет Мүталиев,
ХҚАУ-нің ректоры, профессор
Мен Әдіһам Шілтерхановтың хикаяттары мен әңгімелерін тәптіштеп көп оқыдым. Өмір - өнер өзегі, ол соның қайнаған ортасында жүрді. Күйінді, сүйінді. Оның көп кейіпкерінің арамызда бар екеніне имандай кәміл сенемін.
Ия, әдебиетші Ә. Шілтерхановтың кеудесі – алтын көмбе. Ол қыршын жазушы Саттар Ерубаев, саңлақ суреткер Мұхтар Әуезов туралы айтқанда да, тың рухы әлем ашып, қаламгерлік қайрат танытады. Сіз құй сеніңіз, құй сенбеңіз, бірақ, ол ешкімді де бей-жай қалдырмайды. Шабыт шуағымен жылытып, жүректерге шындық шоғын түсіреді. Бәлкім, бүгінгі оқырманға да сол керпек шығар.
Аян Нысаналы,
Б. Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты
Кітаптың қай бетін ашып, ондағы қай шумақты оқысаңыз да, Әдекеңнің қоғамдық құбылысты, өмір-тұрмысты, адамның жан дүниесін, жағымды-жағымсыз мінез-құлқын, іс-әрекетін, өзара қарым-қатынасын зерделей білетін ойшыл жан екенін аңғаруға болады.
...Әдекеңнің айрықша «Аталы сөздерін» - нақыл, өсиет, толғамдарын оқып, ойшыл, философ, ақын, екеніне анық көз жетіп, көңіл сенген соң, неге ол еңбекті қазір ел болып жан-жақты насихаттамасқа?!
Қалмахан Анарбеков,
Қазақстан Жорналшылар Одағының мүшесі
Жалықтырмайтын әңгімеші һәм хикаятшы Әдекеңнің қарадүрсіндікке аяқ шалдырмайтын кісілікті сүйкімі бар. Қарапайым өресіне иландырғаны, көңіл жықтырғаны – жазушының анық шеберлігі.
Сәрсен Бек Сахабат
Әдіһам Шілтерханов – ақыл қалтамыз санайтын абыз ағамыздың бірі, соғыс және еңбек ардагері, жазушы.
...Әдекеңе салсаңыз, қандай өркениетті елдердің деңгейіне көтерілгенімен, қазақ ауылсыз қала алмайды, қой мен жылқысыз жұтаңдыққа ұшырайды, нарықтық қарым-қатынаста Қазақстан алдымен жылқысы, түйесі, қой, яғни малы арқылы мерейге жетпек. әлемдік рынокта төрт түліктің өнімдері өз құнын арттырмаса, кемімек емес.
Мархабат Байғұт,
жазушы
Ә. Шілтерханов шығармалары өзінің табиғи болмысымен; ішкі ағын-иірімдерімен әдебиетке қоятын талаптардың қандайына да толық жауап бере алады.
... Өзін не жазушы, не ғалыммын деп есептей бермеген Әдіһам Шілтерхановтың деректі, көркем туындылары - әдебиетте, мақалалары – ғылымда салмақты, қаламгерлікті толық ақтайтын дүниелер екеніне еш күмән жоқ.
Құлбек Ергөбек,
әдебиетші, ғалым