Сүндет Сейітов

Туындылары


МӘЙІТХАНА

Мәйітхана есігі ашылса...
Емші қауымға түрменің есігі ашылып...
Тағы да жәһаннам есігі бір елі ашылып,
Төбесін тас тескен жан алғыш жандардың,
Жұлыны үзіліп түскенше сәждеге бас ұрып,
«Күнәмді кешірер», - деп сеніп, жасаған құлдығын
Түкке керексіз етеді,
Мейірсіз,
Рухсыз,
Шарасыз,
Қимылсыз денелер шашылып...

Мәйітхана есігі ашылса...
Қоғамның жасырған шындығы белгілі
болары... әу баста тек маған белгілі...
Білмеске – барлығы тамаша екені белгілі,
... Қоғамның жасырған шындығы
қай күні белгілі болары белгісіз...
Былығы көп елдің шындығы
белгісіз болары белгілі...

Дәрігер қорықпай бірде бір кісіден,
Барлығын жасырар жанымен, күшімен...
Жорналшы, ақындар, ызалы қаралы ел
Мәйітхана есігін ашқанда,
«fuck you» көрсеткен жарты қол шығады,
Бүтіндей қорғалған тоңазытқыш ішінен...