Сүндет Сейітов

Өмірдерек


Сүндет Мұратбекұлы Сейітов (3 қазан 1998 жыл, Ташкент облысы, Шыназ ауданы, Өзбекстан Республикасы) – қазақстандық ақын. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
2005 жылы Шыназ ауданында Амангелді Иманов атындағы орта мектептің табалдырығын аттайды. 2007 жылы Шымкент қаласына қоныс аударған. Сол жылдан бері Шымкент қаласының тұрғыны. 2007-2008 жылдары Келес ауданы С.Саттаров ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде оқыды. 2008-2010 жылдары Шымкент қаласындағы №83 жалпы орта мектебінде оқиды. 2011-2014 жылдар аралығында Батырбек Өтеп атындағы дарынды балаларға арналған облыстық «Өнер» мектеп-интернатында оқып, сол мектептің түлегі болды. 2014-2017 жылдар аралығында М. Сапарбаев атындағы «Парасат» колледжінде білім алған. 2017-2022 жылдар аралығында Орталық Азия инновациялық университетінің түлегі. Педагогика факультеті «Филология» кафедрасы. 2012 жылы Ұлыбританияның Лондон қаласына оқуға шақырту алады, түрлі себептерге байланысты оқудан бас тартады. 2018 жылы республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жеңімпазы болып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың грантын жеңіп алды.
2015-2016 жылдары Республикалық «Ел бірлігі» газетінде тілші, 2016 жылдан бері «Шам» әдеби шығармашылық орталығының төрағасы, 2017-2018 жылдары Республикалық «Қазығұрт» әдеби журналында тілші, 2018 жылы Қалалық Отбасы, балалар және жастар істері басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» қызметкер, 2019 жылы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған.
Халықаралық Мұхтар Әуезов атындағы «Құрмет» грамотасының иегері, Шымкент қаласы әкімінің «Үздік жыл ақыны» премиясының 2 дүркін иегері, Республикалық Мұқағали Мақатаев атындағы жыр мүшәйрасының 4 дүркін лауреаты, Республикалық «Күз мереке» әдеби байқауының 2 дүркін лауреаты, Республикалық «Жұлдызға жол» байқауының жүлдегері, Республикалық Жамбыл Жабаев атындағы жыр мүшәйрасының жүлдегері, Республикалық «Шырайлым – Шұбайқызыл» жыр мүшәйрасының жеңімпазы, Облыстық Әбілда Аймақ атындағы жыр мүшәйрасының 2 орын жүлдегері, ТҮРІКСОЙ, Халықаралық «Түркістан – ер түріктің бесігі» жыр мүшәйрасының жүлдегері, Түркия Республикасы Халықаралық ТҮРІКСОЙ ұйымының «Алғыс хатымен» марапатталды, Республикалық «Мен жастарға сенемін» жыр мүшәйрасының бас жүлдегері, Ақпарат және қоғамдық даму министрінің алғыс хатымен марапатталған.