Серік Сейітман

Туындылары


ЖҮЗІК


Дариядай кемерге толып аққан
Сезімім бар көңілдің көгін атқан.
Сүю – бақыт,
Сүйдіру – асқан бақыт
Сүйіктіңе сенбеудің соры батпан!

Жалғыз қалсам,
Жарығым, сені ойлаймын,
Сені ойласам, басыма келер қайғым.
Сүйем сені сүйгендей анашымды,
Бірақ саған анамдай сене алмаймвн.

Ақ әлемнің шырмалып шарбағында,
Жүреіме құл болып қалғанымда,
Жалт етті де
Жаныма жара салды
Жүрек көзді жүзігің бармағыңда.

Көкейімнен бір сәтке күдік қалмай,
Үмітімді бодым мен ұмытқандай.
Жарасып-ақ тұрғанмен бармағыңа,
Жүзігіңнің күлкісі суық қандай!

Сезім-құсымды ауладың қаршығам боп,
Мұндай күйге дәл мендей жан шыдар тек.
Жүзігіңнен қорқамын, жүзігіңнен,
Жүрегіңе қатысы бар шығар деп!...