Өмірдерек
1982 жылы 6 қаңтарда Қасиетті Қазақ Топырағына кіндік қаны тамған.
1999 жылы Отырар ауданындағы А. Дәрібаев атындағы орта мектепті бітірді.
2003 жылы Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің филология факультетін тауысты. Университетте оқып жүргенінде оқу орнының жанынан құрылған Саттар Ерубаев атындағы әдеби бірлестікті басқарған. Облыстық «Жігіт сұлтаны» байқауының Бас жүлдегері.
2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің магистратурасына түсіп, 2008 жылы одан филология магистрі деген ғылыми дәреже алып шықты.
2006 жылдың қаңтарынан Қазақ радиосында редактор-жүргізуші, «Руханият» бас редакциясы Бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарып келеді.
Бұған дейін Қазақ радиосының эфирінен өткен «Жұлдызды түн», «Мәдени мұра» хабарларының редактор-жүргізушісі;
Ұжымдық «Менің Қазақстаным» радиожурналының топ жетекшісі;
Жастар шығармашылығына арналған «Тамшы» хабарының, «Айдында жүзген ай сәуле» әдеби-сазды бағдарламасының және елдік мұрат-мүдделерді өзек ететін «Парыз» (бұрынғы «Қазақты сүю») хабарының авторы әрі редактор-жүргізушісі.
Өлеңдері Республикалық газет-журналдарда үздіксіз жарияланып тұрады.
Республикалық жыр бәйгелерінің бірнеше рет жеңімпазы.
2007 жылы Баянауылда өткен жас қаламгерлердің республикалық тұңғыш форумында Көтеш Райымбекұлы атындағы Сыйлыққа ие болған.
2010 жылғы Халықаралық «Шабыт» фестивалінің 1-дәрежелі лауреаты.
2006 жылы «Қырсық қызға қолтаңба», ал 2010 жылы «Қазақтың қаны» атты жыр жинақтары Алматы қаласында жарық көрген.