Туындылары
КЕЛІНІМЕ
Ұл-қызын атастырып бесіктегі,
Жесірін жылатпаған есіктегі,
Тұрмысы тұралаған туысына
Қол созған жылу жинап есіткені.
Үкідей үлбіретіп жас күнінен,
Атынан аластаумен ласты кілең,
Қызына жатжұрттық деп төрін берген,
Айналдым Алашымның дәстүрінен!
Мен қазір жазғы жәндік күціндемін,
Белшемнен кешіп тұрмын мейір кенін.
Ақ екен жан әлемнің жаулығындай,
Қарағым,
Иіле бер,
Иіл, келін!
Тәңірім сыйлап дәйім қанға сабыр,
Әжелік дәуреніңді қамдаса жүр.
Сен келіп, шаңыраққа шаттық қонды,
Келінжан, айналайын, көп жасағыр.
Бал санап нәрестеңнің еркелігін,
Кеш солар өмір-бақи ертегі күн.
Ұрпағың ұлтын сүйер ұлан болсын,
Анасы Ұлы Елімнің ертеңінің.
Жүрмесін көңіліңді жасқап қайғы,
Қайғырсаң, ата-енеңе ас батпайды.
Келінжан!
Иіле бер!
Сен иілсең –
Алаштың абыройы асқақтайды!