Гүлнәр Өмірбек

Туындылары


ЖАБЫҚҚАН КӨҢІЛ, ТОРЫҚҚАН СЕЗІМ

Жабыққан көңіл, торыққан сезім.
Жүрекке түскен сызаты.
Батар күндей боп мұңартқан кезім,
Бұл күйдін неге күз аты?
Көкейде қалған мұң шым-шым сазы,
Күн бар ма, күдіктен арылар?
Құс қанат ілген өмірдін жазы,
Күнгейден ғана табылар...
Күнгейде ғана кеуілдін кілті,
Маусым шақ... толқып, тамсанар...
Жаңғырған жастық, еркелеу бұлты,
Кеудеме қоңып, ән салар...