Гүлнәр Өмірбек

Туындылары


ТӘТТІ ҮМІТ

О,тәтті үміт,мұңлы түннің перзенті,
Келші маған, бұлтты аспаннан тұманды.
Көріңсеңші аяулым боп келбетті,
Жанары жас жарқыраған құмарлы.

Жан жүрегін мазалайсың ақынның,
Алдап, арбап себезгілеп сәулелеп.
Бірде дерттей, бірде өрттей жасын мұң.
Қайғыны да тәтті умен әурелеп.

Армандайды, қоя алмайды арманды
Жетелейді қиял Сельм нуына.
Нөсер ұрып, дауылдарда қарманды,
Масаң болып бозғылт тұман буына.

Кейде көбік мұхит үсті көлеңке,
Кейде шаттық толы шара жанары.
Ақын кеуіл сонда кернеп ән ерке,
Шырқай берер, шаттанып жан аралы.

Сонда әнмен жаңғырады дала орман,
О,мас қиял.. жоғал қыстың өктемі!
Гүл тәжімен оранғандай нала арман,
Мұз жарады махаббаттың көктемі!