Эльмира Омарбекова

Бір ауыз сөз


Білгіштің бәрі өзінше көсем,

өзінше шешен, ал тапқандары бір.



Егделік жас - алтын құрық.



Тістің шайнауынан тас өтпеген.



Қасқыр апанын алыстан қорғайды.



Жеміс еккенге – шыққаннан тәтті.



Қыдырымпаздың етегіне жел ерген.



Азаның басы қазада.



Жапқан ауыз үндемес.



Азаншыға таң жақын.



Қазан оттан жылу көрген.



Қадаға жер қақпан.



Аңшының көзі мерген, көңілі соқыр.



Сопы таяқ ұстамас.



Күйік әлі жанып бітпеген от.



Қойшының таяғы мұра.



Қазына бірге емес, көпке байлық.



Жалғыздың күні де жалғыз.



Үні жоқ баланың тілі жоқ.



Ақын тірісінде жалған, өлгеннен соң арман.



Оқуды да оқу керек.



1  2  3  4