Лебіз
Ақбастаулық Эльмира Омарбекова тағдыр ауыртпалығын қайсарлықпен жеңе біліп, жанына серік еткен поэзияның сиқырлы әлемімен сырласқан ақын қыздың қаламынан туған жаңа жырлары оқырманың көзайымына айналады деп сенеміз.
«Алғабас» газеті
Эльмира Омарбекова өмірге құштар. Ал ең бастысы, ол өзін ешқашан мүгедекпін деп санаған емес. Керісінше, елге, жұртқа мысқалдай болса да пайдам тисе екен деген оймен қолынан келгенінше еңбектеніп жүр.
Ш. Бақтияр
Бабалардан қалған аманатты орындау – ұрпақ парызы. Сол парызды өтесем дейтін Эльмира сияқты қайсар қыздарымыз көп болғай! Эльмира, өлең өрісің кеңи берсін!
Алматы «Қазығұрт» баспасы
Біздің Эльмира қызымыздың ақындық талантында қылау жоқ. Жырдағы соқпағың биіктерге бастай берсін деген тілек айтамыз өмірге құштар ақын қызға.
Бағдат Қалаубай,
Бәйдібек аудандық «Алғабас»
газетінің редакторы.
Неде болса Эльмира адамдарға бақыт тілей алғанымен, өлеңімен, өзгелерге үлгі боларлық арман-мұраттары мен бақытты. Сіз бақытты қыздың кітабын оқып көріңіз...
«Өмірді қорғау» қайырымдылық
қорының төрағасы, ақын
Мұратхан Шоқан.