Эльмира Омарбекова

Туындылары


БАЛҚАЙМАҚ


Қандай тәтті балқаймақ
Оны жеген таңғалмақ.
Май салынған – майқаймақ
Бал салынған – балқаймақ.

Апам піссе май қаймақ
Атам ішсе шай қаймақ.
Өзім жесем дәмді деп,
Қуанамын айғайлап.