Эльмира Омарбекова

Туындылары


БІР АРМАНҒА БІР АРМАН


Бір арманға бір арман жалғап келем,
Тура жолды өзіме таңдап келем.
Талай істің өзінен озып шығар,
Сұрағына өлеңнің жауап берем.

Сізді көру біріншісі асыл арман,
Елестетем Орданы қабылдаған.
Жиырма жыл ма, жиырма жыл күттім, сендім,
Несіп қылса бір Алла орындалған.
Арманымды екінші айтсам болар,
Қолжазбамнан туынды кино туар.
Асқақтаған арманым бала күннен,
Кемтарлыққа теңдікті жаным сұрар.

Үшіншіні келесі жалғай берер,
Бақыт деген адамға өмір сүрер.
Үйім болса гүл толы, жарық, жылы,
Қайрымды жандармен күнім күлер.