Иса Омар

Асыл сөз


Бай адам бай болғаны үшін жазықты емес.



Әдетте жау сырттан келмейді, сыры мәлім адамдардың арасынан шығады.



Өзіңнен ілгерімен аралассаң, өрге ұмтыласың.



Майда тірлікпен айналысқандар майдаланып кетеді.



Кейбіреулер сенің септігің арқылы әуелі семіреді, одан кейін өзіңе қарай секіреді.



Ақылды адамдарды әдетте ақылдылар ғана мойындайды.



Сіздің бала-шағаңыз есейгенде сізден гөрі өз бала-шағасының қамын көбірек күйттепкетсе, оған өкпелеудің жөні жоқ. Өйткені кезінде сіз де сөйткенсіз.



Жақсы да жағымды нәрселер жайында көп айтатын адамдардың жаны да жайсаң, мінезі де жайдары, ұйқысы да тыныш, көңілі де сергек.



Біреуден бірдеңе сұрай білу де – өнер. Ондай нәрсе жұрттың бәрінің бірдей қолынан келе бермейді.