Иса Омар

Туындылары


СӘЙКЕСТІЛІК ФОРМУЛАСЫ

Бір шындық бар, онымен кім таласқан:
Табиғатқа сәйкестілік жарасқан.
Сәйкес болса ішкі, сыртқы әлемі,
Ондай жанды мойындаған, санасқан.

Бірақ мынау жайға жоқ-ау жауап түк:
Неге кейде кетеді екен ағаттық?
Сырты сұлу кей әйелді табиғат,
Көрер көзге жаратады салақ қып.

Сәйкестілік – тағдыр берген мол сыйының,
Өмірде бар одан да үлкен, зор түйін:
Жан – тәніңді қосақтаған адаммен,
Сәйкеспесең, бәрінен де сол қиын...