Иса Омар

Туындылары


ӨМІР-АЙ!

Ақ болсан, ол сенің қорғаның,
Біреуге көрінер ол да мін.
Сыртыңнан жамандап жатса егер,
Демек сен назарда болғаның...

Жабылар сан түрлі жала да,
Түседі жүрекке жара да.
Жаныңда жүргендер шын дос па,
Әуелі осыны сарала...

Жатсаң да дертті боп төсекте,
Айтады арқау қып өсекке.
Күншілдер көп болса мұны да,
Өмірдің заңы деп есепте...