Иса Омар

Туындылары


КӨҢІЛ ШЕРІ

Аялдауға уақыт таппай жүргенде,
Өмір шіркін өте шығар бір демде.
Байқаусызда қапа қылсаң біреуді,
Өкініші кетпес оның, білгенге.

Қасірет пен қайғы тұрса іргеңде,
Керек болмас үлдең менен бүлдең де.
Адамдардың қалдырмастан көңілін,
Не жетеді лайықты өмір сүргенге!

Шаттық болмай шырайың еш кірген бе,
Күйетін бар, сен қуанып күлгенде.
Иманы жоқ нақ осындай пенделер
Масаттанар саған сырттай үргенге...