Иса Омар

Туындылары


ТАРАЗЫ

Сөз сөйлесең ақырынды ойла да,
Сен әуелі қарап алғын айнаға.
Егер сенің арың таза болмаса,
Көсемсімей тыныш отыр жай ғана.

Арамдықпен тауып жүрсен наныңды,
Арам жолмен жиған болсаң малыңды,
Сөйтсе тұра адалдықты сөз етсең,
Мұның сенің қаншалықты нанымды?

Әділдітен алыс жатса өрісің,
Әділетсіз болып жүрсе әр ісің,
«Әділ» сөзі үйлесе ме сенімен,
Теріс ұқсан өзің оның мәнісін?

Қандай тәлім ала алады ел сенен,
Күнәға өзің батып жүрсен белшеден?
Есте сақта: ел қашан да таразы,
Сөз бен істі қалт жібермей өлшеген.

...Міне, ағайын, ақ пен қара арасын,
Адалдық пен әділдіктің бағасын,
Ажырату керек болып тұрғанда
Кейде осындай көріністен табасың.