Асыл сөз
Жан рухтары нұр төгіп тылсым көктен.
Алла қолдап, алғысын жыршың төккен?
Бұл еңбекті ата-анам тұрлыбек пен,
Дарияшымның бойыма нұр гүл еккен,
Нұрманымның- жан әке қыршын кеткен,
Роза анамның ұстаздық ыпысын сепкен.
Аруағыңа арнауым шын жүректен!
Сабырбек Нұрманұлы
Ана тұлғам,
Пейіліңнен дара туған,
Бар болмысың мейірімнен жаратылған.
Ғасырларды уақыт арқалатқан,
өзің жайлы аңыздан дала тұнған.
«Домалақ ана» өлеңінен
Бағым, сезім таусылмас–құтым өлең,
Жалау еттім үмітті үкілеген.
С. Нұрманұлы
Беу табиғат, қыздан да өткен қылығың,
Саған тәнті ғашық жанмын, құлыңмын.
Өтіп барам жұмбақ қиял әлемім,
Еш шеше алмай құпиясын сырыңның.
«Табиғат» өлеңінен