Өмірдерек
Атанбек Наурыз Ордабасы ауданындағы «Бөріжар» өзені жағасында 1957 жылғы 20 сәуірде дүниеге келген.
Кәсіптік техникалық училищені, Ә.Қастеев атындағы көркем сурет училищесін, Қ.А.Иасауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің Шымкент бөлімін бітірген. Әл-Фараби аудандық кеңесі, әкімшілігі және Оңтүстік Қазақстан облыстық Тіл басқармасында жауапты қызметтер атқарды. Облыстық Маслихаттың Құрмет граматасымен марапатталған.
Шығармашылық жолы «Шымкент келбеті» газетінде ұштала түсіп, «Торғын толқындар» өлеңдер жинағы, «Кәсіпке іңкәрлік» диалог-кітабы жарық көрді. Ұжымдық «Мүшайра-92», «Жыр додосы», «Нәзірдің жұлдызы», «Түркістанда Құл Қожа Ахмет», «Түркістан ер түріктің бесігі ғой», Қапал батыр» т.б. жинақтарға өлеңдері енді.
Облыстық ақындар «Мүшайрасының» бірнеше мәрте жүлдегері. Шығармашылықпен үздіксіз айналысып келеді. «Еңбек даңқы», «Ел мақтанышы», «Ерен еңбегі үшін», «М.Шолохов», «Жамоат фидоиси» төсбелгілерінің және «Арғымақ» сыйлығының иегері, Қазақстан Респупубликасы Журналистер одағының, Әлем жазушылары одағының мүшесі, сондайақ «Ардақты ардагер» журналы бас редакторының бірінші орынбасары.