Арайлым Мұраталиева

Өмірдерек


Арайлым Мұраталиева – 31.12.1997 жылы Шымкент қаласында туған. 2015-2019 жж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің Педагогика және мәдениет факультетінде білім алған. Өлеңге деген қызығушылығы 4 класс оқып жүргеннен басталып, алғашқы балаң жырларын сол уақытта жазды. Шығармашылықпен 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін айналысып келеді.
Қарағандыда өткен республикалық «Дүниеге келер әлі талай Қасым…», Петропавлда өткен Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді» атты республикалық жазба ақындар мүшайраларының, сондай-ақ, республикалық «Күміс қалам» поэтикалық дуэлінің жеңімпазы.
2016 жылы жарық көрген «Ай-Зер» атты өлеңдер жинағының авторы. 2021 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.