Қайырғали Медет

Асыл сөз


Шығармашыл адам еркін болуы тиіс. Олардың миын жиналыстағы ақыл – кеңеспен емесе, іс - әрекет үстінде дамыту керек.



Жазудың қиындығы да, ләззаты да болады. Журналист қай тақырыпты жазса да, обьектісін жан – жақты зерттеп алуы керек. Ол академикпен академикше, дәрігермен дәрігерше, қойшымен қойшыша сөйлесе алуы тиіс. Бұл – журналист жан – жақты білімді болуы керек дегенге саяды.



Ия, журналистке жан – жақты біліммен бірге жүргізілгелі отырған сұхбатына сай дұрыс сауал қоя білу өнері де керек.



Мың жерден тәуелсіз газет болсын, ол, ең алдымен, қоғамды дамытуға, елге қызмет етуі қажет. Бақай есепті газеттің ғұмыры қысқа.



Газет – журнал көбейсе бәсеке артады. Оқырмандар талдап – талғап оқиды.



Кітапта тәрбиелік мән, рухани дән болуы тиіс.

Мені қазіргі кезде жазушылардың тым көбейіп кеткені ойландырады. Бүгінде мемуар жазушылар көбейді. Олардың көбі отбасы, ошақ қасынан ұзамайды. әлгі жазғыштардың кітаптарын парақтап отырсақ тілдің қорының жұтаң, шығармаларында қарабайыр сөздердің көп екеніне көзіңіз жетеді. Көркем туынды жасаудан гөрі көрген – білгенін тізбектей береді.



Қай заманда да шынайы қаламгер – рухани тәрбиеші, қоғамдық ойдың   ұйытқысы болған. мешеулікке бой алдырамыз.



Ия, Ананың жұдырықтай жүрегінің әрбір лүпілі тек перзент деп соғады. Ұрпақтың өсіп-өнгенін, өмірдің жалғасқанын қалайды.. Ана жүрегі сонымен де құдіретті екен-ау...



Кез-келген басылымның мазмұны қаншалықты терең де парасатты немесе қаншылықты жайдақ та жұтаң екенін көпшілік оқырман өзі бағалайды.



«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп қазақтың біртуары Ахмет Байтұрсынұлы айтқан қағиданы біз әрқашан ту еттік.



Кез – келген бағыттағы басылым – тәлім-тәрбие мектебі. Ұлтты рухани қоректендіріп, байытатын, жетілдіретін мектеп.



Дәстүр-салтымызды, қазақы қалпымызды сақтап қалар діл, тіл, дін, ұлттық сана мен ұлттық пайым сияқты өзекжарды мәселелерге әрбір ұлтжанды азамат өзіндік үлес қосуы, жан-тәнімен шынайы ұл оғланы болуға ұмтылуы керек екенін түйсінуі қажет.



Тіл тағдыры – ел тағдыры. Бұл қағида тілімізге жиі оралып, жаттанды боп кеткендігі соншалық, оның негізгі мәні, терең тұжырымы кейде санамызға бойламай жатады. Шынтуайтқа келгенде осы қағидаға исі қазақтың бүкіл ұлттық идеологиясы сыйып тұр. Ал, ұлттың бүкіл қадыр-қасиеті – ақыл-ойы, сана-сезімі, салт-дәстүрі, дүниетанымы, т.с.с. бір сөзбен айтқанда, бүкіл рухы – осы туған тілінде жатыр.



Тәуелсіз елдің байрағы болған туған тілдің мәртебесі көтерілмей қазақтың арманы бітпейді. Тіл тағдыры қашан да маңдай термен, дамылсыз күрес, толассыз, толағай жұмыстармен шешіліп келеді.



Қай қоғамның адамгершілік жағынан құлдырауға ұшырауы нақ осы ана тілінің тағдырына салғырт, немқұрайлы қарауынан басталады. Өзін өмірге алып келген ананың тіліне, оның асқақ та аяулы үніне жаны ашымайтын қоғамнан қандай рухани өрлеуді, қандай адамгершілікті, өркениетті күтуге болады.



Қылқалам туындылары – бір қалыптан, бір өлшеммен шығып жатқан зат не бұйым емесе. Суретшінің қиял кеңістігі шексіз тұңғиық әлем.  Оған буырқанған бояулар сиқыры қосылып шабыт шалқары арнасынан асып-тасып шыға келеді. Осыдан барып дүниеге туындысы әркімнің ой-өрісіне, таным-білігіне байланысты өз бағасын ала бермек.

Өнерді көру бар да, түйсіну бар. Түйсіну бар да, тану бар.



Бәрі де отбасылық тәрбиеден бастау алады. Бала өсіру, оны азамат етіп тәрбиелеу байлыққа, барлыққа тәуелді болмаса керек.



Қоғамның дамуы барысында пайда болған жетістіктер мен түйткілдерге дер кезінде үн қатып отыру қаламгерлік те, азаматтық та борыш.