Салтанат Мадиярқызы

Өмірдерек

Салтанат Мадиярқызы – ақын. 1996 жылы, 8 қаңтарда қазіргі Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында өмірге келген.
Төлеби ауданында мектеп-интернатта оқыған.
Кентау қаласында арнаулы кәсіптік колледжді, Шымкент қаласында Silkway халықаралық университетін бітірген. Экономист.
Еңбек жолын отандық өндіріс компанияларында мамандығы бойынша бухгалтерлік қызметтен бастаған. Баспаханаларда редактор-корректорлық қызметтер де атқарған.
Мектепте жоғарғы сыныптарда өлең жаза бастаған. Аудандық, облыстық, республикалық мүшәйралардың жүлдегері. Өлеңдері республикалық, облыстық баспасөз беттерінде жарық көрген, «Жаңа ғасыр әуендері» атты жас ақындар антологиясына енген.