Әбдінағым Көшер

Туындылары


КҮЙЛЕГЕН ТАНА НЕМЕСЕ «БҰҚАНЫ КӨРГЕН БҰЗАУ ОҢА МА?»
(Пародия)


– Өткенде Кәуектің «Зауза» кличкалы танасы,
Кәуектің бұқасына көзін сүзіпті.
Бұқа да қарап тұрмай, жібін үзіпті.
Сосын, барыпты да Кәуектің өзін сүзіпті,
Оны көрген Кәуектің танасы жібін үзіпті.

– Түк түсінбедім, опырай?
– Оның алдында, Кәуектің сол «Заузасы»
Жәуектің бұқасына да көзін сүзіпті,
Жәуектің бұқасы да жібін үзіпті,
Ол да барып Кәуекті сүзіпті,
Онда да танасы жібін үзіпті.

– Түк түсінбедім, опырай?

– Кеше біздің бұқа да жібін үзген,
Себеп, Кәуектің «Заузасы» оған да көзін сүзген,
Біздің бұқа ақылды ғой, Кәуекті сүзбеді,
Танасы да ақылды екен, жібін үзбеді.

– Қысқартып айтшы қарағым,
Дәретханаға асығып барамын.

– Қысқартсам былай, көке, короче,
Дегіңіз кеп тұр ғой, «голову не мороче»
Сонымен бұқамыз Заузаны икемдеңкіреп,
желініне иегімен қасынды,
Тана да оған емеурінін беріп,
Жуан мойнына асылды.
Махаббат ойынына мас болды.
Бұқамыздың, сүйіспеншіліктен,
Жанарына жас толды.
Жанарына жас толған бұқа,
Махаббатқа мас болған бұқа,
Тананың құйымшақ тұсына кеп асылды.
Бірақ осы сәт,
Тананың қызуы сразым басылды.
Ол бітер істі «сиырқұйымшақтандырып»,
Бітірмей тастады.
Арт жағынан бірер жапа тастап,
Жерді де ластады.
Белін қайқайтып тұрып, ырғалып,
Олай да-бұлай жырғалып,
Істі бітірейін-ақ деп тұрған бұқаны,
сонан соң соқты жерге алып.
Бұқаның іші «ыңқ» етті,
Тесіктен жел «тыңқ» етті.
Жерге оңбай түскен бұқа:
– Бұның не, жаным Зауза?! – деді.
Зауза сонда миығынан күле:
– Бұл енді қызық бастала бергенде,
көрсетілетін «рекламный пауза» деді.
Сөйтті де, бөксесімен ойнап алып,
«бабочкаға» кеп тұрған товарды көрсетті.
Баклашкіні құйрығына байлап алып,
«Қайнар» майын жеп тұрған поварды көрсетті,
Бұтын айқара ашып тұрып,
«Олвейіс» деген тампонды көрсетті.
Кекіліне көбігін шашып тұрып,
«Хэд энд шолдэрс» деген шампонді көрсетті.
Өзінің бұған түсінбейтінін байқап,
Бұқа үйге тез қайтып кетті.
Мөңіреп, басын шайқап,
Қапа болғанын айтып кетті...